"СССР-де туғандар": Соғыс ардагерлері

Құсдәулет Тасыбаев, 90 жаста. Офицер қазақ 1943 жылдың қарашасынан 1950 жылдың қазанына дейін совет армиясы қатарында болған. Соғыс аяқталған кезде Порт-Артурда Совет Одағы мүддесін қорғап жүрген.

Абла Бегалиев, 91 жаста. Қырғыз офицері 1942 жылдың ақпанынан 1947 жылдың сәуіріне дейін шекара әскері қатарында болған.

Юлиус Дексинс, 88 жаста. Литвалық азамат 1944 жылдың тамызынан 1945 жылдың мамырына дейін Қызыл Армия қатарында болған. Соғыс біткен соң Латвияда қалған.

Георгий Парул, 89 жаста. Молдовалық жаяу әскер 1943 жылдың желтоқсанынан 1945 жылдың мамырына дейін Қызыл Армия қатарында болған. Соғыс аяқталған соң Болгарияда қалған.

Узокбой Ахраев, 90 жаста. 1943 жылдың қаңтарынан 1950 жылдың мамырына дейін әскерде болған өзбек офицері. Берлинге шабуылға қатысқан.

Холик Хояев, 91 жаста. Тәжік офицері 1942 жылдың қазанынан 1946 жылдың қаңтарына дейін жаяу әскер қатарында болған. Соғысты Венгрияда аяқтаған.

Валентина Куцинич, 94 жаста. Украиналық медбике 1941 жылдың желтоқсанынан 1946 жылдың сәуіріне дейін танк полкінде болған. Соғысты Германия жерінде аяқтаған.

Карл Раммус, 92 жаста. Эстон офицер 1942 жылдың тамызынан 1945 жылдың мамырына дейін совет әскерінің барлау ротасында борышын атқарған. Соғысты Латвияда аяқтаған.

Розалия Абгарян, 91 жаста. Армян жауынгері 1941 жылдың сәуірінен 1945 жылдың желтоқсанына дейін әскерде болған. Праганы азат ету көтерілісіне қатысқан.

Гуванч Мыратлиев, 89 жаста. Түркімен сарбазы 1944 жылдың ақпанынан 1950 жылға дейін Балтық флотында теңізші болған. Соғысты Кенигсбергте (Калининградта) аяқтаған.

Николай Мазаник, 92 жаста. Беларус офицері 1941 жылдың маусымынан 1945 жылдың мамырына дейін атқыштар полкінің командирі болған. Соғысты Кенигсбергте (Калининградта) аяқтаған.

Аллахверди Алиев, 102 жаста. Әзербайжан офицері 1941 жылдың қарашасынан 1944 жылға дейін Қызыл Армияда болған. Жеңіс күнін Варшавадағы госпитальде қарсы алған.

Фрицис Цеплис, 98 жаста. Латвиялық офицер 1942 жылдың наурызынан 1945 жылдың мамырына дейін жаяу әскер қатарында өз елінің аумағында соғысқан.

Борис Рунов, 89 жаста. Орыс сапері 1943-1945 жылдары Қызыл Армия қатарында болған. Соғысты Германияда аяқтаған.

Георгий Гозашвили, 88 жаста. Грузин жаяу әскер офицері 1944 жылдың сәуірінен 1946 жылдың сәуіріне дейін соғысқа қатысқан.