Ресей-украин шекарасындағы танкілер

Матвеев Курган қаласы арқылы Ресей мен Украина шекарасына қарай зымыран қондырғылары мен әскери техникалар тасымалдап бара жатқан пойыз. Ростов облысы, 25 мамыр 2015 жыл.

Бала жетектеген әйел Чкалово елдімекені арқылы Ресей мен Украина шекарасындағы Кузьминский әскери жаттығу базасына бет алып бара жатқан әскери техникаға қарап тұр. 26 мамыр 2015 жыл.

Ресей-украин шекарасы маңындағы Матвеев Курган қаласы көшесімен кетіп бара жатқан әскери танк. Бір күн бұрын, мамырдың 25-і күндіз Ростов облысына тоғыз танктен тұратын конвой пойызбен жеткізілген дейді Reuters тілшісі.

Ресей-украин шекарасы тұсындағы Кузминьскийдегі әскери техника. Техникалардың басым бөлігінде ешқандай жазу жоқ, ал сарбаздардың көпшілігінің киімінде айырым белгілері көрінбейді. Кейбіреулері мұнда жаттығуға келгендерін, Украинадағы жағдайға өздерінің қатысы жоғын айтады. 26 мамыр 2015 жыл.

Үстіне танкілер тиеген жүк автокөліктері ресей-украин шекарасы маңындағы тасжолда кетіп барады. Ростов облысындағы Кузьминский жаттығу полигонындағы техника саны үш айда шамамен үш есеге көбейген.

Ресей-украин шекарасы маңындағы Матвеев Курган қаласы арқылы өтіп жатқан жүк автокөліктеріне әскери техникалар тиелген. Ресей қорғаныс министрлігі Reuters агенттігіне шекара маңында қандай мақсатпен әскер шоғырланып жатқаны туралы сұраққа түсініктеме бере алмайтынын мәлімдеген.

Матвеев Курган қаласындағы әскери конвой. Базаға жеткізілген қару-жарақ арасында дүркіндете атуға арналған «Ураган» реактивті қару жүйесі, танкілер мен өздігінен қозғалатын зеңбіректер бар. Мұндай қару Украинадағы жанжал барысында жиі қолданылған.

Ресей мен Украина шекарасындағы әскери техника қозғалысының тілсіз куәгері.