Ораза айт мейрамы

Рамазан айы аяқталған күні мұсылман баласы көпшілікпен бірге таңертеңгі айт намазына қатысады.

Суретте: Мәскеудегі айт намазына қатысушылар. 17 шілде 2015 жыл.

Рамазан айында көптеген елдерде дос-жаран, көрші-қолаңға арнап ауызашар беру дәстүрі бар.

Суретте: Ауызашарға арнап тауық еті салынған ыдыстар. Пәкістан.

Ораза айында мұсылман ауыз бекітумен шектелмей, бес уақыт намазды қаза қылмай, Аллаға мінәжат етіп, мүсәпір-міскін жандарға қайырымдылық жасайды.

Суретте: Бакуде мешітте құлшылық жасап отырған бала.

Қасиетті Рамазан айы басталысымен мұсылман ауыз бекітіп, отыз күн бойы күндіз ас-су ішуден, күнәлі істерден бас тартады.

Суретте: Ауғанстанда ауызашарға нан әкеле жатқан бала.

Рамазан кезінде ауыз бекіткен мұсылмандар бес уақыт намазды қаза жібермеуге тырысады.

Суретте: Кашмирде Рамазан айында намаз оқып жатқан мұсылман.

Күнделікті өмірде пендешілікке салынып, әлденеге бола ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Үлкендер мен балаларға сый-сияпат жасалады.

Суретте: республикалық ауызашар шарасына келген әйелдер.

Рамазан айы біткеннен соң мұсылмандардың ұлы мейрамының бірі - Ораза айт басталады.

Суретте: Ораза айтқа тәтті тағам әзірлеп жатқан адам. Жалалабад, Ауғанстан.

Көптеген елдерде Ораза айт демалыс күні болып белгіленген.

Суретте: Рамазан кезінде намаз оқып отырған ер адам. Индонезия.

Отыз күн ауыз бекітетін Рамазан айының аяқталуын айт мерекесімен арнайы атап өту 624 жылдан бастау алған деп саналады.

Суретте: Ораза айт кезінде оқылған құранға қол жайып отырған косоволық жас балалар.

Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт намазын оқуы парыз.

Суретте: Қырым татарлары мешітте айт намазында отыр. Симферополь.