Ольхон аралындағы өрт

Волонтерлер от жолын бөгей жыртылған тұстан жалынның асып кетпеуін бақылап тұр.

Бірақ, төңіректің бәрін жалмаған от алдындағы кез-келген бөгетті қиналмай алатын кетер түр танытып келеді.

Өртті сөндіруге жергілікті таксистер де келді.

Өрт болып жатқан аралдан көтерілген түтін төңіректегілердің барлығына көрінеді.

Аралдағы өртті сөндіруге көлдің арғы бетінен орманшылар келді.

Суретте: орманшы Сергей Анатольевич.

Өрт өшірілген жерде қайтадан от тұтанбауы үшін орманшылар ол жерлерді әлсін әлі тексеріп отырады.

Ольхон - Байкал көліндегі ең ірі арал. Қазір ондағы орманда қатты өрт болып жатыр.

Аралдағы өртті сондағы орманшылардың өз күшімен өшіруге шамасы жетпей жатқандықтан, бұл жұмысқа еріктілер жұмылдырылған.

Суретте: волонтер Антон Волков.

Аралдағы өсімдіктер арасында сирек кездесетін балқарағай мен көне шырша өседі.

Орман шаруашылығының мәліметі бойынша, Сібір федералдық округінде шілденің соңында өрт көлемі 40 мың гектар жерді қамтыған.

Суретте: өртке қарсы жұмысты үйлестіріп отырған жергілікті орман шаруашылығы басшысы Константин Козлов.

Ольхон ауданында төтенше жағдай тәртібі енгізілді.

Волонтерлер оттың жолын кесу үшін оның алдынан жерді қазып, бөгет жасап жатыр.

Аралдағы құрғақ ормандағы өрт жолындағының бәрін жайпап келе жатыр.

Суретте: волонтер Антон Волков өртеніп жатқан жерде жүр.

Орманшы өртенген ағашты кесіп жатыр.

Орман шаруашылығы басшысы Константин Козлов аралдағы жағдайды зерттеп жүр.

Ольхон аралы орманшылары.