Ыстықкөлдегі халал жағажайлар

Халал жағажай алдындағы жазу.

Корумду ауылындағы халал стандарты бойынша биыл жаңадан ашылған шағын пансионат. 

Бостери ауылындағы "Ихлас" демалыс орнының жағажайы. 

Халал пансионаттарға деген сұраныс әзірше аз сияқты. Мұсылмандарға арналған жағажайдан 5-6 адамды ғана көруге болады.

"Ихлас" демалыс орнының жағажайы алдындағы жазу. 

"Ихлас" демалыс орнында құрылыс жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жоспар бойынша, болашақта мұнда 200-300 орындық пансионат ашылмақ.

Халал жағажайдың белгіленген ереже талаптарын орындамаған демалушылар жағажай аумағынан шығарылады. 

Халал жағажайда жұмыс істеп жүрген адамдар.

Халал жағажайда темекі тартып, спирттік ішімдік ішуге, белгіленген үлгідегіден басқадай киім киюге тыйым салынған.

Халал жағажайдың әйелдерге арналған бөлігі шөп-шаламнан тазартылып, демалушыларды қарсы алуға дайындалып жатыр.

Халал жағажайдағы демалушылар.