Су спортынан әлем чемпионаты: Қытай - бірінші орын

Қазандағы әлем чемпионаты кезінде биіктіктен суға секіру жарысына қатысып жатқан спортшы.

Ресейдің Қазан қаласында су спортынан әлем чемпионаты аяқталды.

24 шілде - 9 тамыз аралығында өткен жарыста 5 алтын, 10 күміс, 10 қола медаль иеленген Қытай құрамасы жалпы есепте 1-орын алды.

2-орынды - АҚШ ( 13 алтын, 14 күміс, 6 қола), 3-орынды Ресей (9 алтын, 4 күміс, 4 қола) иеленді.​

Бұл сында Қазақстан құрамасы медаль алған жоқ. Тек 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин 4-орынмен шектелді.

Келесі әлем чемпионаты 2017 жылы Будапешт (Венгрия) қаласында өтеді.