Олег Сенцов пен Александр Кольченконың соты

Ресейдің Дондағы Ростов қаласында Солтүстік Кавказ әскери соты тамыздың 25-і күні «терроризм» айыбы тағылған украиналық режиссер Олег Сенцовты (сол жақта) 20 жылға және қырым белсендісі Александр Кольченконы – 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сот үкімі оқылып болғаннан кейін Олег Сенцов (сол жақта) пен Александр Кольченко бірге Украина әнұранын шырқады.

Сотта мемлекеттік айыптаушы Олег Сенцовты (оң жақта) 23 жылға, Николай Кольченконы - 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Соттағы соңғы сөзінде Олег Сенцов (ортада) "басқыншылар соты әділетті бола алмайды" деп мәлімдеген.

Ресейлік әскери соты Олег Сенцовты «2014 жылы көктемде «Қырымдағы орыс қауымы» қоғамдық ұйымы мен «Единая партия» кеңселеріне от қойып, сол жылы мамырдың 9-ы күні Симферопольдегі Ленин ескерткішін жармақ болғаны үшін айыпты» деп тапқан. Олег Сенцов пен Александр Кольченко өздеріне тағылған айыптарды мойындамайтындарын мәлімдеген.

Олег Сенцов пен Александр Кольченконың сот процесі кезіндегі қарулы күзетшілер.

Украиналық белсенді Александр Кольченко сот залында.

Украиналық режиссер Олег Сенцов сотта тұр.

Олег Сенцов пен Александр Кольченконы қолдаушы шағын адамдар тобы сот өтіп жатқан ғимарат алдында тұр.

Олег Сенцов пен өзге украиналық үш азамат – Александр Кольченко, Алексей Черный және Геннадий Афанасьев 2014 жылдың мамырында Ресей аннексиялап алған Қырым территориясында «террорлық шабуыл жасамақ болды» деген айыппен ұсталған. Бұған дейін Ресей соты украиналық Алексей Черный мен Геннадий Афанасьевті «террорлық ұйым құрамына кірді» деген айыппен жеті жылға соттаған.