Шымкенттегі қала күні мерекесі

Шымкентте қала күні мерекесіне арнап Наурыз алаңына тігілген киіз үйлер. 17 қазан 2015 жыл.

Шымкентте қала күні мерекесіне арнап тігілген киіз үйлер. 17 қазан 2015 жыл.

Қала күні мерекесінде қошқарды иыққа салып көтеруден жарыс өтті. Шымкент, 17 қазан 2015 жыл.

16 жастағы Мадияр Құрал (ортада) салмағы 40 келіге жуық қошқарды 70 рет көтеріп, жарыс жеңімпазы атанды. Шымкент, 17 қазан 2015 жыл.

Қыз қуу. Шымкент қаласы, 17 қазан 2015 жыл.

Ат үстінде келе жатып садақтан жамбы ату жарысы. Шымкент, 17 қазан 2015 жыл.

Қала күні мерекесінде қазақтың киіз үйі пішінінде әзірленген татардың ұлттық тағам түрі - чак-чак. Шымкент, 17 қазан 2015 жыл.

Қала күні мерекесіне арнайы дайындалған, салмағы 500 килограмм тартатын татардың ұлттық тағамы чак-чак бүгінгі шараға қатысушыларға тегін таратылды. Шымкент, 17 қазан 2015 жыл.

Киіз үй ішінде ұлттық киім үлгілерін тамашалап тұрған адамдар. Шымкент, 17 қазан 2015 жыл.

Қала күні мерекесінде алтыбақан теуіп жатқан қыздар. Шымкент, 17 қазан 2015 жыл.

Қала күні мерекесіндегі көкөніс пен жеміс-жидек көрмесі. Шымкент, 17 қазан 2015 жыл.

Қала күні мерекесіне тігілген киіз үйлердің жанында тұрған полиция қызметкерлері. Шымкент, 17 қазан 2015 жыл.