Румынияда жаппай наразылық шеруі өтті

Бухарестегі наразылық шеруі. Румыния, 3 қараша 2015 жыл.

Румыния астанасы Бухаресте түнгі клубта болған өрттен кейін 20 мыңға жуық адам наразылық танытып, премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Colectiv түнгі клубында 30 қазанда болған өрт салдарынан 32 адам қаза тауып, 200-дей адам зардап шеккен.

Наразылық үкімет ғимараты орналасқан Жеңіс алаңында болған. Демонстранттар премьер-министр Виктор Понта мен ішкі істер министрі Габриэль Опреаның отставкаға кетуін талап етті.

Румыния президенті Клаус Иоханнис демонстрацияға қолдау білдіріп, саяси жетекшілер «қарсылық дүмпуін елемей қоя алмайды» деп мәлімдеді. Акцияға қатысушылардың бірі сұхбат кезінде наразылық – өрт құрбандарының рухына құрмет және «үкіметке, аудан мэрі мен апатқа себепкер жүйеге қарсылық» белгісі екенін айтқан.

Қарсылық акциясынан соң премьер-министр Понта өрт болған түнгі клубты тексермеді деп тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің басшысын қызметінен босатқан.

Бухарестегі наразылық шеруі жайлы фотогалерея:

Бухарестегі үкіметке қарсы шеру