Бухарестегі үкіметке қарсы шеру

Қарашаның 3-і күні кешке Бухарестегі наразылық шеруіне өткен аптада қаладағы түнгі клубтардың бірінде көп адамның қазасына соқтырған өрт оқиғасы себеп болды.

Қазанның 30-ы күні Бухарестегі Colectiv түнгі клубында шыққан өрт салдарынан 32 адам қаза тауып, 200-дей адам зардап шеккен еді.

Наразылық шеруі үкімет ғимараты орналасқан Жеңіс алаңында өтті. Наразылық шарасының өтетіні туралы жұртшылыққа Facebook әлеуметтік желісі арқылы алдын ала хабарланды.

Бухаресте орталық көшелердің біріне жиналған адамдар.

Демонстранттар Colectiv түнгі клубының жұмыс істеуіне рұқсат берген Бухарестегі 4-аудан басшысы Кристиан Пиедоненің және онымен бірге Румыния премьер-министр Виктор Понта мен ішкі істер министрі Габриэль Опреаның отставкаға кетуін талап етті.

Акцияға қатысушылардың бірі баспасөз құралына берген сұхбатында бүгінгі шара – өрт құрбандары рухына құрмет және «үкіметке, аудан мэрі мен апатқа себепкер жүйеге қарсылық» екенін айтқан.

Бухарестегі наразылық шеруіне қатысушылар. 3 қараша 2015 жыл.

Бухарестегі наразылық шеруіне қатысушылардың арасында жас азаматтар көп болды.