Шолпы сыңғыры

Динара, 28 жаста: 

"Жүз пайыз татар болсам да ана тілімде мүлде сөйлемеймін"

Лия, 33 жаста: 

"Бойымда татар қаны бар, бірақ қанша пайыз екенін білмеймін. Бала кезімде мені үнемі "татар қызы" деп мазақтайтын"

Ксения, 25 жаста:

«Уралда барлығы шым-шытырық: кейбір ауылдарда тұрғындар өздерін татармыз, жоқ башқұртпыз деп әлі күнге дауласады. Менің анам башқұрт, ал әкем - орыс»

Света, 28 жаста: 

"Әжем өте діндар адам. Ол мешітке мені де ертіп жүретін, бірақ маған онша әсер еткен жоқ, мен исламға жақын емеспін"

Елена, 31 жаста: 

"Менің отбасым өзге ұлттарға сіңісіп, салт-дәстүрін жоғалтып алған. Әкем жартылай башқұрт, жартылай - Еділ бұлғары"

Оксана, 23 жаста, өнер мектебінде ұстаз: 

"Әкем жағынан үлкен әжем - татар, жұрттың көбі "Шығыстансың" десе де өзімді әрқашан орыс санаймын. Түсі ақ сары шашымды үнемі қараға бояп алатынмын, сірә, бойымдағы "шығыстығым" күштірек болса керек"

Алена, 22 жаста:

""Мен жүз пайыз татар емеспін, әкем татар болғанымен, анам жартылай удмурт, жартылай – марийлік"

Оксана, 24 жаста: 

"Күйеуім орыс болса да, [мұсылманша] неке қию рәсімін өткізуге қарсы болған жоқ"

Венера, 34 жаста: 

"Татарға тұрмысқа шыққам, бірақ дәм-тұзымыз жараспады"