Жаңаөзен құрбандарын еске алу

Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілетін асқа келе жатқан әже. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.

Асқа келгендер бір*бірімен төс түйістіріп амандасып жатыр. 

2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына жиналған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.

2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан Аманбек Тұрғанбаев пен Рахат Көшеровтың аналары Алтын Көшерова (сол жақта) мен Раушан Әлібаева.

Суретте сол жақтан бірінші тұрған - 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғсы кезінде аяғынан оқ тиіп жараланған Дүйсен Нұров. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.

Шетпе ауылы тұрғыны Сегізбай Әнес (солдан оңға қарай), Жаңаөзенде 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада балаларынан айырылған Төрехан Тұрғанбаев, Алтын Көшерова, Раушан Әлібаева, Рая Юсупова, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы тұрғыны Жәнібек Төлегенов қаза болғандарды еске алып отыр. Теңге ауылы, Маңғстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына ас әзірлеп жатқан адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.

Жаңаөзенде 2011 жылғы желтоқсанда болған оқиғада қаза тапқандарға құран бағыштап отырған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының зираты басында құран оқып отырған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алуға жиналғандар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.