Жарылған үй

Жарылыс болған үйге кіретін қақпа. Шымкент. 9 қаңтар 2017 жыл.

Екі қабатты үйдің бір бөлігі опырылып құлаған.  

Жарылыстың қатты болғаны сонша екі қабатты барак типтес тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлаған. Құлаған бөлігінің бірінші қабатында бір әйел, екінші қабатында үш адам болған. Оның бірі – 2015 жылы туылған Аружан Дауылбай. Бесікте бөлеулі жатқан жерінен үйінді астында аман қалған сәби қазір ауруханада жатыр. Оның анасы 26  жастағы Сабина Орынбаева оқиға орнында қайтыс болды.  

Жарылыс болған үйдің екінші қабатындағы құлаған бөлмеден екінші бөлмеге өтетін есік. 

Жарылыстан қайтыс болған Сабина Орынбаева отбасымен тұрған екінші қабаттағы бөлмеден төсеніштер ғана қалған. 

Үйдің құламай қалған бірінші қабатының да қабырғасы сөгіліп тұр.  

Жарылыс болған үйдегі газ есептегіш құрал. 

Екі қабатты үйге тартылған газ құбырына жалғанған түтіктер. 

Жарылыс болған үйдің иесі Аманбек Сәуірбаев.

Бірінші қабаттың да қабырғалары опырылып тұр.

Опырылған үйдің үйіндісінде бесіктің жабуы мен қуыршақ ойыншықтың бір аяғы жатыр.

Қираған үйдің екінші қабатындағы асүй. 

Жарылыс болған үйдің екінші қабатындағы балкон. 

Жарылыс болған үйдің екінші қабатындағы жатын орын. 

Үйдің опырылған бөлігін жалғап тұрған қабырға. 

Жарылыс болған үйдің екінші қабатында төңкеріліп жатқан шәй ішетін үстел. 

Жарылыс болған үйдің бір бөлмесі.