Дағыстанның әсем табиғаты

Дағыстанның Грузиямен шекарасы маңындағы Талсух ауылы. Бұл суреті Магомед Шапиев достарымен бірге тауға саяхаттап барғанда түсірген

Дағыстанның Гуниб ауданы Салта ауылы маңындағы үңгірдегі суы қатқан сарқырама. "Әдетте тұмса табиғат қойнауына сапарымыз бірнеше күнге жалғасады. Кейде апталап жүретін кезіміз болады" дейді 24 жастағы фотограф.

Дағыстанның Шамиль ауданындағы қар басқан тау етегіне көктем келді. Шапиев Дағыстанда осыдан 3-4 жыл бұрын, аудандардың көпшілігі исламшылдар бақылауында болған кезде өте қауіпті болғанын, ал қазір біршама тыныштық орнағанын айтады.

Бермамыт үстіртіндегі шатқалдың суретін Шапиев биыл қыста түсірген. Дағыстанда қазір жағдай бұрынғыдан қауіпсіздірек болғанымен, 2016 жылы мұнда бірнеше террорлық шабуыл жасалған. Сондықтан фотограф "әлдеқандай жағдай болып қалса" деген оймен саяхатқа шығатыны туралы жергілікті билікті алдын ала хабардар етеді.

Жас фотографтың айтуынша, бұрын үлкен қауіп-қатер тек қарулы исламшылдар тарапынан ғана емес, басқа жақтан да төнетін. "Тауда террорға қарсы операциялар жүргізілетін. Ресей арнайы жасағы шалғай жерде кез-келген жастар тобын кездестірсе сөзге келместен жайратып кете алатын" дейді Шапиев.

Магомед Шапиевтің (арғы жақта) досымен бірге түскен суреті. Магомед Дағыстан президентінің ресми фотографы болып та істеген, бірақ саяхатқа көбірек уақыт бөлу үшін ол жұмыстан кетті.

Тау ішімен ағатын Чирагчай өзені. Шапиев қазір фриланс-фотограф кәсібіне қоса "түрлі жұмыс" атқаратынын айтады. Магомед жақында алғашқы келісім-шартын ресейлік National Geographic басылымымен жасасты.

Қар басқан қарағай. Шапиев мұндай суреттерге неліктен құмар екенін былайша түсіндіреді: "Мен тауда туып-өстім, балалық шағымда әртүрлі оқиғалар кезінде көргенімнің барлығын суреттегенді ұнататынмын".

"Кейін фотография жанрымен таныстым" деп еске алады Магомед Шапиев. Солайша әуесқой фотограф біртіндеп елге таныла бастады. Бүгінде Instagram желісіндегі оның парақшасына 120 мыңнан астам қолданушы жазылған.
 

Нижний Балтух ауылындағы қыс. Әлемге "Дағыстанның өзге қырын" көрсету үшін түсірген фотосуреттерін Шапиев өзі ашқан #exploringdagestan хэштегімен жариялайды.

"Жұрт Дағыстанды әсем деп санамайды, ал мен оның сұлулығын күллі әлемге паш еткім келеді" дейді Магомед Шапиев.

Шапиев түсірген жабайы жылқылар суреті Instagram-да көп тарады. "Сурет грузин шекарасы маңында түсірілген. Ол жаққа бару үшін шекарашылардан рұқсат алуға тура келді. Су беті күн сәулесімен жарқырап, жел айдауымен толқын пайда болған еді. Содан кейін осы жылқыларды көзім шалды" дейді фотограф.

Шапиев тұмса табиғатты әсіресе күз мезгілінде суретке түсіргенді ұнататынын айтады.

Ескі Кахиб ауылындағы мұнара. Дағыстанның Шамиль ауданындағы аты аңызға айналған ауылдың іргесі қаланғанына мың жылдан аса уақыт өткен.
 

Дағыстанның табиғатын аралаған кезде Шапиев кездестірген тағы бір таңғажайып орын

 

Оңтүстік Дағыстандағы тау шыңы. 
 

Тастан тұрғызылған бұл үйлерде Оңтүстік Дағыстандағы Шиназ ауылы тұрғындарының сан ғасырға жалғасқан ұрпағы өмір сүрген.

Кешкі күн сәулесі түскен өрмекші торы.

Хутхул ауылындағы бала жетектеген егде ер адам бейнеленген бұл суретке Шапиев "Бейбітшілік, тыныштық пен әсем табиғат аясында" деп жазған.