Оралда бұрынғы полиция қызметкері қамауға алынды

Самат Наурызов сотта.

Орал қалалық сотының судьясы Раушан Исмаилова шешімімен Орал қалалық ішкі істер департаменті жедел-қылмыстық бөлімінің экс-жетекшісі Самат Наурызов екі айға қамауға алынды.

22 шілдеде Наурызов мінген көлік екі адамды қағып кетіп, 42 жастағы Ақтөбе облысы Шалқар кентінің тұрғыны Айгүл Сүлейменова қайтыс болып, оның 22 жастағы қызы Сандуғаш Сүлейменова ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

Наурызовтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Қазір осы іске қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.