АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне қатысты айтылған «әйелдерге қырындады» деген айыптарға Twitter парақшасында жауап берді. Твитте: "Демократтар рәсуа қылған мыңдаған сағат пен миллиондаған долларға қарамастан "Ресеймен сөз байласты" деген айыптар дәлелденбеді. Сондықтан олар жалған айыптаулар және мен білмейтін, өмірімде кезікпеген әйелдердің ойдан шығарылған оқиғаларына көшті. Жалған жаңалық" деп жазылған.
Despite thousands of hours wasted and many millions of dollars spent, the Democrats have been unable to show any collusion with Russia - so now they are moving on to the false accusations and fabricated stories of women who I don’t know and/or have never met. FAKE NEWS!
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) December 12, 2017
Желтоқсанның 10-ы АҚШ-тың Біріккен ұлттар ұйымындағы тұрақты өкілі Никки Хейли "Трампты айыптайтын әйелдердің шағымын тыңдап шығуға болатынын" айтқан. Бұдан соң АҚШ-тың төрт бірдей сенаторы «әйелдерге қырындады» деген айыптарға байланысты Трампқа отставкаға кетуге кеңес еткен. Демократ сенатор Керстин Джилибрандт CNN телеарнасына берген сұхбатында: "Трамп өз еркімен отставкаға кетпесе, онда Конгресс тиісті тергеу жүргізіп, оны жауапқа тартуы керек" деген.