Пашинян билік партиясымен жұмыс істеуге кетәрі емес

Армения парламентінің депутаты, наразылық қозғалысының лидері Никол Пашинян. Ереван, 1 мамыр 2018 жыл.

Армения оппозициясының лидері Никол Пашинян премьер-министр болып сайланған жағдайда биліктегі Армения республикалық партиясымен (АРП) бірге жұмыс істеуі мүмкін екенін жоққа шығармайтыны туралы мәлімдеген.

"Біздің ықтимал әріптестігіміз нақты саяси жағдайға тәуелді болмақ, - деген ол мамырдың 5-і күні журналистерге. - Оқиғалардың әрі қарай қалай өрбитінін көрсететін түрлі көптеген жағдай болуы мүмкін".

Сонымен бірге Пашинян басты мақсаты – "келісім үкіметін құру" екенін айтқан.

Соңғы бірнеше апта бойы Арменияда тұрғындардың билікке қарсы жаппай наразылығының жетекшісі ретінде танылған Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне ұсынылып отыр.

Өткен айда Армения парламенті премьер-министр етіп сайлаған, оған дейін қатарынан екі мерзім ел президенті болған АРП лидері Серж Саргсян үкіметке қарсы халықтың жаппай наразылығынан кейін бірнеше күн ғана атқарған қызметінен отставкаға кеткен еді.

Оған дейін соңғы он жылға жуық уақыт бойы Саргсян Армения президенті болып отырған кезде жүргізілген конституциялық реформа нәтижесінде премьер-министрдің қызмет өкілеті кеңейтілген болатын.