Солтүстікке көшкендердің 40 пайызы Түркістан облысынан барған

Көрнекі сурет.

2018 жылдың тоғыз айында Түркістан облысынан Қазақстанның солтүстік аймақтарына 263 отбасы – 1112 адам көшкен. Бұл туралы Түркістан облыстық жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасының төрағасы Мұхит Отыншиев хабарлады.

Оның сөзінше, көшкендердің барлығына тиісті әлеуметтік көмек берілген. Отыншиев "биыл солтүстікке қоныс аударғандардың 40 пайызы Түркістан облысынан барған" деді.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті СҚО-ға көшіп келетіндер саны азайғанын хабарлаған.

Қарай отырыңыз: Солтүстікке көшкендер қалай күнелтіп жүр?

Your browser doesn’t support HTML5

Оңтүстіктен солтүстікке көшіп келгендер әкімдікке наразы

Азаттық бұған дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен солтүстік аймаққа қоныс аударып, әкімдік берген жұмысты істемегені үшін сотқа тартылған тұрғындар мәселесін көрсеткен.