Назарбаев коронавирус туралы айтты

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев. 22 тамыз 2019 жыл.

20 наурызда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады.

Ол қазіргі уақытты 90-жылдардың басындағы "ауыр кезеңмен" салыстырып, дағдарыс осылай жалғаса берсе, елді "қатаң экономика" шарттарына дайындау керек деді.

Назарбаев сонымен бірге "осындай қиын шақта елге көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаржысы жинақталатын" республикалық қор құруды ұсынды.

Қазақстанда соңғы дерек бойынша 49 адамнан вирус табылған. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам, Қарағандыда 2 адам емделіп жатыр.

Бүкіл әлемде вирусты жұқтырған саны 230 мыңнан асқан, 9 мыңнан астам адам көз жұмған.

Видео: Доллар күрт қымбаттады. Жұрттың көңіл-күйі қалай? (16 наурыз 2020 жыл).

Your browser doesn’t support HTML5

Доллар күрт қымбаттады. Жұрттың көңіл-күйі қалай?