Covid дерегі: 5 мыңнан астам науқас тіркелді, 124 адам көз жұмды

Шымкенттің №2 ауруханасында коронавируспен жатқан науқастар. 5 тамыз, 2021 жыл.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 5 222 адам тіркелді. 28 тамызда тесті кері нәтиже берсе де, клиникалық белілері бойынша "ковидтектес пневмония" диагнозы қойылған 63 науқас есепке алынды.

Қазақстанда коронавирус індетінің кезекті толқыны жүріп жатыр, билік өкілдерінің айтуынша, бұған инкубациялық кезеңі өте қысқа "дельта" штамының кең тарауы себеп. Оның тағы бір айырмасы – коронавирустан жастар да қатты ауыруы мүмкін.

Қазір вирус тарау жылдамдығы бойынша Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі "қызыл аймақта" тұр.

30 тамыз таңдағы ресми дерек бойынша, індет басталғалы коронавирус жұқтырғаны зертханада дәлелденген 785 мыңнан астам науқас тіркелген. Осы аурудан 9 222 адам қайтыс болған. Кеше коронавирустан тағы 104 адам, ал оған ұқсас пневмониядан 20 адам көз жұмды.

Былтырғы 1 тамыздан бергі ресми статистикаға сенсек, "ковидтектес пневмониямен" ауырған 69 693 адам тіркелген, 4 406 адам қайтыс болған.

Қазір Қазақстанда 116 мыңдай адам коронавирус пен оған ұқсас пневмониядан емделіп жатыр. 1 793 науқастың халі нашар, 495-інің жағдайы өте нашар, 232 адам өкпе желдету аппаратына қосылған.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің дерегі бойынша, әлемде 216 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған, 4,5 миллион науқас осы дерттен қайтыс болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Балалардың Covid жұқтыруы неге жиіледі? Балалар инфекционисімен сұхбат"Бес күн бойы тойға барды". Коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары не дейді?Міндетті вакциналауға кім және не үшін қарсы?