Генерал Милли: Ауғанстанда азамат соғысы тұтануы мүмкін

Генерал Марк Милли.

АҚШ штаб жетекшілері біріккен комитетінің басшысы Ауғанстанда азамат соғысы тұтануы мүмкін деп санайды. Американың Fox News арнасына берген сұхбатында Марк Милли Ауғанстанда террористік топтардың жандану қаупі туындады деп мәлімдеді.

Генерал Марк Милли әлі күнге дейін өз үкіметін жасақтай алмаған тәліптер билікті бір жерге шоғырландырып, тиімді басқару жүйесін құра алады дегенге күмән келтіреді. Бұл өз кезегінде "Әл-Қаида" немесе "Ислам мемлекеті" сияқты террористік топтардың жандануына жағдай жасап, азамат соғысына ұрындыруы мүмкін.

Генералдың болжамынша, Ауғанстанда терроризмнің жандануына бір-үш жыл аралығында уақыт кетеді.

2001 жылы 11 қыркүйекте болған АҚШ тарихындағы ең ірі терактіні "Әл-Қайда" террор ұйымы мойнына алғаны, оның жетекшісі Усама бен Ладеннің Ауғанстанға жасырынғаны белгілі болғаннан кейін АҚШ Ауғанстанға әскер кіргізген. Ауғанстанда АҚШ-қа "Әл-Қайдадан" өзге "Талибан" қозғалысы да көп жыл қарсылық көрсеткен.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Панжшер шатқалында қарсылық жалғасып жатыр, мыңдаған адам шекараға беттеді"Кабул террористердің Лас-Вегасына айналды". АҚШ әскерінің кетуі Ауғанстанға қалай әсер етеді?"Ислам мемлекеті" ұйымының Хорасан тобы туралы не белгілі?