Ауғанстанның Нангархар провинциясының әкімшілік орталығы Жалалабадта жарылыстар болып, кемінде екі адам қаза болды, шамамен 20 адам жарақаттанды. Бұл туралы ауған ақпарат құралдары жазды.
Куәлар мен өзге де дереккөздеріне қарағанда, жарылыстың бірі "Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған) отырған көлікте болған. Оқиғаның жай-жапсары әзір белгісіз.
Сенбі күні сәл ертерек Ауғанстан астанасы Кабулда болған жарылыстан екі адам зардап шеккен. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, жарылыс негізінен хазарлар көп тұратын ауданда болған.
Өткен айда Ауғанстанның басым бөлігіне бақылау орнатқан тәліптер оқиғаға түсініктеме бермеді. Ешбір ұйым жарылысты мойнына алған жоқ. Тамыз айының ортасына дейін радикалды діни топ ауған үкіметінің қызметкерлеріне шабуыл жасау үшін осындай тактиканы пайдаланып келген.
"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының бір тармағы – "Хорасандағы Ислам мемлекеті" тобы Ауғанстанның жаңа үкіметіне қарсы.
Кабулдың солтүстік-шығысындағы Панжшер шатқалында тәліптермен текетіресіп жатқан Ауғанстанның ұлттық қарсылық майдан күштері шоғырланған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Талибан" ішкі дау-дамайға байланысты вице-премьердің өлтірілгенін терістеді "Талибанға" Тәжікстан ғана ашық қарсы шықты. Рахмонға бұл не үшін қажет?Ауғанстанда көмек күткен қазақтар. Азаттыққа туыстары жіберген тізімде 100-ге тарта адам барБағландағы ұрыс: Тәліптер шығынға ұшырап, шегінуге мәжбүр болдыКейінгі 40 жылда сыртқы күштен жеңілмеген Панжшер тәліптерге қарсы тұрды. Соңы не болмақ?