Қазақстанда шенеуніктер мен туыстарының қаржы операцияларына "бақылау күшейеді"

Көрнекі сурет.

Қазақстанда шенеуніктер мен туыстарының қаржы операцияларына бақылау күшейеді. Бейсенбі күні сенат қабылдаған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы осыны қарастырады дейді құжат авторлары.

Заң жобасына сәйкес, елде жария лауазымды тұлға институты енгізіледі. Жария лауазымды тұлғалардың өзі ұлттық және шетелдік болып екіге бөлінеді. Оған қоғамдық тұлғалар мен олардың отбасы, жақындары енгізіледі, олардың қаржы операцияларына тексеру күшейтіледі.

"Заң жобасы кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, сонымен бірге ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының халықаралық стандартын іске асыру мақсатында әзірленді" деді жоба авторлары.

Аталған тұлғалардың тізімін президент бекітеді, ал қаржылық мониторинг агенттігі тізімді құрастырады.

Құжатты таныстырған сенат депутаты Ольга Перепечинаның түсіндіруінше, тізімге енген тұлғалар мен жақындарына қандай да бір қызмет көрсетілген кезде қосымша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қызметінен кеткен тұлғалар өкілетін аяқтағаннан кейін де 12 ай бойы "назарда болады".

Заң жобасы сонымен бірге цифрлық активтер провайдерлерінің жұмысын реттеуді көздейді.

"Қазіргі кезде цифрлық актив саудасын ұйымдастыру, шығару, сонымен бірге цифрлық активтерді алмастыру бойынша қызмет көрсететін тұлғаларға қаржылық тексеру жүргізіліп жатқан жоқ. Бұл ақша жымқыру мен терроризмді қаржыландыру саласы бойынша қылмыстың көбеюіне ықпал етеді, көлеңкелі экономикаға дем береді" деді сенат депутаты.

Құжат авторлары лаузаымды тұлғаларды қаржылық мониторинг субъектісіне айналдырып, оларды қызметті бастағаны немесе аяқтағаны жөнінде өкілетті органға хабарлама беруге міндеттеуді ұсынады. Өкілетті орган ретінде Цифрлық даму, аэроғарыш және өнеркәсіп министрлігін бекіту ұсынылған.

Бұған қоса, жобада қаржылық мониторинг агенттігінің өкілетін кеңейту мәселесі қарастырылған. Атап айтқанда, ашықтық мақсатында оларға өкілетті органдағы бизнес-идентификация номірлерінің ұлттық реестрін көру мүмкіндігі берілуі тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Құлыбаев пен үнді миллиардері, инфляция рекорды және Шыңжаңдағы азапMiss Kazakhstan, "Астана балет" менеджері. Назарбаевтың "тоқалы" Әсел Құрманбаева кім?Мамай "Байбектің жемқорлығын әшкерелейтін" құжаттар ұсынды, шағым беруші "іске қатысы жоқ" дейді"Қаймақ қарпыған" Құлыбаев жайлы мақала: Нұр-Сұлтан "бәрі заңды" дейді, АҚШ Қазақстандағы "ұрлықты" айтады