Қазақстанда 16 мың шетел азаматы жұмыс істеп жатыр, ширек бөлігін Қытай азаматтары құрайды

Өзбекстанның Наманган облысынан келген терімшілер Жамбыл ауылында мақта жинап жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы. 2016 жыл.

2021 жылдың 1 қараша күнгі мәліметі бойынша Қазақстанда жергілікті атқару органдарының рұқсатымен 16 059 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр. 18 қарашада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады.

Ресми ақпаратқа қарағанда, шетелдік жұмысшылардың көбін мамандар (7700-ден астам) мен білікті жұмысшылар (718) құрайды. Маусымдық жұмысқа 1769 жұмысшы тартылған. Корпоративтік ауыс-түйістердің нәтижесіне сәйкес, 1957 адам жұмыс істеп жатыр.

Ведомство мәліметінше, елде 1739 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін пайдаланып жатыр. Оларда 458 мың қазақстандық жұмыс істейді. Бұл – жалпы жұмысшылар санының 97 пайызы.

"Еңбек мигранттары мына елдерден келген: Қытай – 4 068 адам, Түркия – 2 069 адам, Өзбекстан – 1 782 адам, Үндістан – 1 212 адам, Ұлыбритания – 1 047 адам" делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, жыл сайын министрлік елге шетел мамандарын тартуға квота бөледі. "2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құраған".

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресейде қанша қазақ гастарбайтері бар?Еңбек мигранттары Ресейден Қазақстанға ойысып жатырРесейдің Қазақстанмен шекарасында мыңдаған қырғыз және өзбек мигранты еліне қарай өте алмай тұр"3 млн теңге керек". Кореяда көз жұмған қазақстандық мигрантты елге жеткізе алмай отырКоронавирус Орталық Азияны Қытайға кіріптар ете түсті