Ресей Армения және Әзербайжанмен келіссөз жүргізеді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Ресей басшысы Владимир Путин және Армения премьер-министрі Никол Пашинян. Қаңтар 2021 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин осы аптада Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжанның мемлекет басшысы Илхам Алиевпен кездеседі. Бұл туралы 23 қарашада Кремль хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, үш тарапты кездесу Путиннің ұсынысымен Қара теңіз жағасындағы Сочиде өтеді. Кремль мәліметінше, келіссөз былтыр қарашадағы оқ атуды тоқтату бойынша келісімнің бір жылдығына бағытталған.

Армения мен Әзербайжан былтыр күзде 44 күн бойы Таулы Қарабақ аймағында соғысқан. Ереван соғыста Арменияның және Таулы Қарабақтың 3 700-ден астам тұрғыны қаза тапқанын хабарлаған. Баку 2 900 азаматын жоғалтқанын мәлімдеген.

Соңғы уақытта Армения мен Әзербайжан шекарасында жағдай қайта ушыққан. 22 қарашада Армения шекарадағы сарбаздың өлімін Әзербайжаннан көрген. Ресми Баку Ереванның айыптауын теріске шығарып, "біздің әскерилер оқ атқан емес, жағдай тұрақты" деп пікір білдірген.

Армения қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бір апта бұрынғы қақтығыс кезінде кемінде бір сарбаз қаза тапқан. 13 әскер әзербайжан қарулы күштері тарабынан тұтқындалған, тағы 24-і хабарсыз. Әзірге олардың тағдыры туралы мәлімет жоқ. Осыған дейін 15 армян солдатының оққа ұшқаны хабарланған. Әзербайжан жеті әскерінің оққа ұшқанын айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әзербайжан Армениядан жерін қайтарып алды, бірақ халқы ол жерде тұруға асығар емес. Неге?Ердоған мен Әлиев Таулы Қарабақ маңында халықаралық әуежай аштыӘзербайжан тұтқынға түскен армян сарбаздарын мина картасына алмастырдыРесей армян-әзербайжан шекарасын демаркациялау үшін бірлескен комиссия құруды ұсындыҚарабақта ресейлік бітімгер сарбаздар отырған көлік жарылды