Дүниежүзілік имамдар кеңесі арнайы мәлімдеме жасап, мұсылмандарға 4 ақпаннан 20 ақпанға дейін Қытайдың Пекин қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салу туралы шешім қабылдағанын жариялады.
Кеңес осындай жолмен Шыңжаңда қуғын-cүргін көріп жатқан мұсылмандарды қолдауды шешкен.
Кеңес мәлімдемесіне Ресей, Оман, Египет және басқа да елдің мүфтилері қол қойған. Бұдан бөлек Дүниежүзілік ұйғыр конгресі жетекшілерінің қолы бар.
"Дүниежүзілік имамдар кеңесі – ислам дініндегі барлық ағымдар мен мазхабтардың лидерлерінен тұратын мұсылман әлеміндегі ең алғашқы және ең ірі трансұлттық үкіметтік емес ұйым. Біз қуғынға ұшырап жатқан мұсылмандарды қолдаймыз. Қытай үкіметі диктатурасы арқылы елдегі мұсылмандардың құқығын, жалпы адам құқығын бұзып жатыр. Дүниежүзілік имамдар кеңесі Нажаф қаласындағы қасиетті Ислам оқу орны мен ислам әлеміндегі белгілі мүфтилер тарабынан берілген ұйғарымға сәйкес, мұсылмандарды Пекиндегі Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салу туралы шешім шығардық. Бұл ойындар ұйғырлардың геноциді үшін жауапты болған тирандық және деспоттық режимнің мүддесіне қызмет етеді", - деп жазылған мәлімдемеде.
Бұдан бөлек мәлімдемеде кеңес "Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялаған ұйымдардың көбейіп жатқанын" құптайтынын білдірген.
Осының алдында АҚШ бастаған бірқатар елдер Пекиндегі ойындарға дипломатиялық бойкот жариялаған.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Шыңжаңда мұсылмандарды қайта тәрбиелеру лагерін құрған көріністерді геноцид деп атап, Батыс елдері Қытайдың бірқатар шенеуніктеріне санкция салған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Байден Шыңжаңнан тауар импорттауға тыйым салатын заңға қол қойдыҮржардан Шыңжаңға барып, лагерь азабын тартқан екі қазақтың тағдыры"Си Цзиньпиннің қатысы бар". Ұйғыр трибуналы Қытай Шыңжаңда геноцид жасап жатыр деп шешті"Қазақстан да қауіпті ел". Шыңжаңнан қашқандарды Нұр-Сұлтан неге қорғай алмайды?