Accessibility links

Байден Шыңжаңнан тауар импорттауға тыйым салатын заңға қол қойды

Шыңжаң өлкесіндегі "саяси лагерьлердің бірі".
Шыңжаң өлкесіндегі "саяси лагерьлердің бірі".

АҚШ президенті Джо Байден 23 желтоқсанда Қытайдың Шыңжаң өлкесінен тауар импорттауға тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл Вашингтонның Шыңжаңдағы мұсылмандардың қудалануына байланысты Пекинге салған кейінгі "санкцияларының" бірі.

Құжат Шыңжаңнан тасымалданатын барлық тауар түрлеріне "адам еңбегін қанау арқылы өндірілген тауар" деген белгі қойып, АҚШ аумағына кіргізуге тыйым салады.

Қытай үкіметі елдің солтүстік-батысындағы Шыңжаңда ұйғыр және өзге де түркі тілді мұсылмандарды "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлеріне" қамап, қудалаған. Аталған өлке әлем елдерін күн сәулесінен энергия өндіретін панельдерге арналған шикізатпен қамтамасыз етеді. Бірақ АҚШ және көптеген құқық қорғау ұйымдары Пекин ол өлкеде геноцид жасады деп санайды. Қытай тағылған айыптарды мойындамайды және өзін кінәлаған елдерді "Қытайдың ішкі ісіне араласып отыр" деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG