8 ақпанда Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында полиция Шыңжаңдағы туыстарын қайтаруды талап етіп жүрген Гүлбаран Өмірәлі мен Нұрзат Ермекбаеваны ұстап әкетті. Полиция Нұрзат Ермекбаева ертіп келген 4-5 жастағы баласын да көлікке отырғызды. Бұл жөнінде оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі хабарлады. Полиция кейін зейнеткер Халида Ақытхан мен Ақиқат Қалиолланы да ұстаған.
8 ақпанда Қытай консулдығы алдындағы наразылыққа бір жыл толды. Бір жыл бұрын Алматыдағы Қытай консулдығының алдында бір топ адам Пекиннен туыстарын қайтаруды талап етіп, наразылық өткізе бастаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Қазақстан да қауіпті ел". Шыңжаңнан қашқандарды Нұр-Сұлтан неге қорғай алмайды?Кейбірінің туысы "жазықтан-жазықсыз Қытай түрмелеріне" қамалған, кейбірі "саяси лагерьде" болып, артынша үйқамаққа алынған. Қытай билігі оларға Қазақстанға оралуға мүмкіндік бермей отыр дейді туыстары.
– Біздің консулдық алдында Қытайдағы туыстарымызды қайтаруды талап етіп жүргенімізге бір жыл болды. Бірақ осы уақыт аралығында ешқандай нәтиже болмады. Керісінше, араша сұраған аналарымызға Алматы соты – 2 млн, астана соты 2 млн теңге айыппұл салды. Бірақ халықтың көмегімен өтедік, – деді сейсенбі күні белсенді Байболат Күнболатұлы.
Байболат Күнболатұлы бастаған бірнеше белсенді көлікпен шықпай, наразылық акциясын көлік ішінде өткізді. Сол жерден тікелей эфирге шықты. Сәлден соң акцияларын аяқтап, оқиға орнынан кетті.
Алматы полициясы әзірге ұсталғандар бойынша түсініктеме бермеді.
- Бір жыл бойы жалғасқан акциялар кезінде Қытай консулдығынан наразылар алдына ешкім шықпады. Жергілікті полиция наразы топты консулдық маңына жібермей, аумақты көлікпен бақылап келеді.
- Наразылар бұған дейін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп айыпталып, жалпы сомасы төрт миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуге мәжбүр болған. 15 күнге қамалған кездері де болды.
- Былтыр наурыз айында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Шыңжаңда қамалғандардың "Қытай азаматы" екенін және олардың "Қытай заңын бұзғанын" айтқан. Ал Қазақстан сыртқы істер министрлігі "өзге елдің ішкі ісіне араласа алмайтынын" алға тартып келеді.
- Халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаң өлкесінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге де мұсылмандарға "геноцид" жасады деп айыптаған. Пекин мұны жоққа шығарған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Шыңжаңдағы туыстарын қайтаруды талап еткен топ наразылықты көлік ішінде өткізуге мәжбүр болдыҮржардан Шыңжаңға барып, лагерь азабын тартқан екі қазақтың тағдыры249-күн: Қытайдағы туысын іздегендер наразылықты Алматыда жалғастырып жатыр Нұр-Сұлтанда Қытай елшілігі алдындағы акция жарым түнге дейін жалғасты