Астана түбіндегі бес қабатты үйдің тұрғындары даладағы әжетханаға баруға мәжбүр

Your browser doesn’t support HTML5

Ынтымақ ауылы Нұр-Сұлтаннан 35 шақырымда орналасқан. Кезінде фарфор зауытымен танылған ауылда тұрмысқа қажеттің бәрі болған. Үй ішіне ыстық су мен газ тартылып, кәріз жүйесі жұмыс істеген, көпқабатты үйлер салынған. Уақыт өте кәріз жүйесі істен шығып, ауыз су құбыры да сыр берген. Қазір көп қабатты үйлердің тұрғындары даладағы ағаш әжетханаға баруға мәжбүр.