Ресей Украинаға басып кіргелі бері 700-ден аса қырғыз азаматы соғыс ошағынан шығарылған

Киевтегі қираған үйлердің бірі.

Биыл ақпанда Ресей Украинаға басып кірген уақыттан бері Қырғызстанның Киевтегі елшілігі 744 қырғыз азаматының соғыс ошағынан шығуына көмектесті.

Қырғызстан сыртқы істер министрі Жиенбек Кулубаев 27 шілдедегі баспасөз конференциясында осылай деп хабарлады.

Оның айтуынша, соғыс жүріп жатқан аймақтардан шығарылған 566 азамат Қырғызстанға оралды, қалғандары Украинаның басқа да облыстарына немесе Еуропа елдеріне кетті.

Министрдің мәлімдеуінше, көрші елдегі қаңтар оқиғасы кезінде Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігі 300-ден аса қырғыз азаматына бұл елден шығуға көмектескен.

Бұған дейін хабарланғандай, Украинада 680 қырғыз азаматы консул есебінде тұр. Елшілік мәліметінше, Украинада шамамен 1350 қырғыз азаматы жүр. Бұл елде әскери қимылдар басталған уақытта қырғыз азаматтары Венгрия, Польша, Молдова, Румыния, Болгария және Түркия арқылы Қырғызстанға эвакуацияланған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Украинадағы соғыс Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" жобасына қалай әсер етті?Тоқаев Ресейден кеткен компаниялар Қазақстанға келуі үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырдыУкраинадағы соғысқа Ресей әскері құрамында қатысқан Қырғызстанның екі азаматы қаза таптыУкраинадағы соғыс Түркия мен Қытайдың Орталық Азияға ықпалына қалай әсер етеді?Ақша мен қаруға бола Шешенстаннан Украинадағы соғысқа аттанғандар