Белсенділерді ұстау, Назарбаев пен Тоқаевтың дауыс беруі. Сайлау қалай өтті?

Алматыда полиция сайлауға қарсылық білдірген Oyan, Qazaqstan белсенділерін ұстап әкетті. Белсенділер ауыздарына "ұрма, атпа", "оян", "ұрпақ үшін" деген және өзге жазу жапсырған белсенділер "әділ сайлауға жететін күніміз бар ма?" деген жазуы бар үлкен баннер ұстап тұрды. 

Oyan, Qazaqstan Қаңтардағы қантөгіске билік, оның ішінде кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жауапты екенін еске салғысы келетінін айтты. "Тоқаев – қанішер" ("Токаев - убийца"), "әділ сайлау үшін" деп айқайлады. Құқық қорғау органдары акцияның заңсыз екенін ескертті. Бірнеше минуттан соң полиция оларды жеке-жеке ұстап алып кетті.

Алматыда полиция "Демпартия" мүшелерін ұстап әкетті. Тіркелмеген партия өкілдері "таңдаусыз сайлауға" қарсылық білдіріп, сайлауды тоқтатуды талап еткен. Олар белсенді Жанболат Мамайды ақтауды да талап етті. Белсенділердің қолында "Таңдаусыз сайлауға қарсымыз", "Жанболат Мамай ақталсын" деген жазуы бар плакаттар болды.

Елдің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада дауыс берді. Кейін ол істі болып жатқан ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов және қамауда отырған немере інісі Қайрат Сатыбалдының ісі жайлы пікірін айтты. 

"Мәсімов ұзақ жыл менімен істеді. Бірақ қайдан білесің. Иса пайғамбар жанында сатқын отырғанын білді ме? Біз Құдай емеспіз. Сол себепті соттың аяқталуын күтейік" деді ол. Ал немере інісінің ісі жайлы сауалға "Ол соттың шешімін әділ деп ойлау керек. Әділ болмаса, оған сенбеген адам қарсы болып, өзінің арызын беру керек. Сондықтан бәрібір қайда барғанда да мәселені сот жүйесі шешеді" деп жауап берді.

Сайлауға түсіп, тағы да жеті жылға сайлануды көздейтін Қасым-Жомарт Тоқаев та Астанада дауыс берді. Қазір билікте отырған, осымен екінші мәрте сайлауға түсіп жатқан Тоқаев енді жеті жылға сайланғысы келеді. Сарапшылар бұл сайлауда Тоқаев еш бәсекесіз жеңіске жетеді деп санайды. 

Бұл сайлауға Тоқаевтан бөлек бұрын саяси аренада көп көзге түспеген тағы бес кандидат түсіп жатыр. Жұрт оларды "қуыршақ кандидаттар", "сәндидат" деп атап жүр. Сарапшылар дауыс беруге нағыз бәсекелес болатын кандидаттар жіберілмеді деп санайды. 

"Қазақ аналары — дәстүрге жол" қоғамдық ұйымының кандидаты Салтанат Тұрсынбекова дауыс беріп жатыр. Қазақстанда кандидатты қандай да бір партия я қоғамдық ұйым ұсынуы тиіс. Эксперттер елде президенттікке кандидат болу шарты қиын екенін айтады. 

"Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры мен Қазақстан жастарының ақпарат орталығының (МИСК) тәуелсіз бақылаушылары кезектен тыс президент сайлауында заң бұзушылық тіркелгенін хабарлады. "Бақылаушылар отырған жерді қызыл лентамен қоршап, қозғалысына кедергі келтірді. Орындықта отыруды сұрап, қанша адам дауыс беруге келгені жайлы ақпаратты бермеді, хаттама жайлы ақпарат сұраса қуып шығамыз деп қорқытады" деп хабарлады тәуелсіз бақылаушылар. 

Орталық сайлау комиссиясы 20 қараша 16:00-ге дейін халықтың 65 пайызы дауыс бергенін мәлімдеді. 

Қазіргі президент Тоқаевты сайлауға парламенттегі билікті қолдайтын үш партия мен жұртшылыққа онша танымал емес ондаған қоғамдық ұйымды біріктіретін "Халық коалициясы" ұсынған. Ал Тоқаевтың штабын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов басқарады. 

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру күні Астана мен Алматыда сайлауға қарсы шыққан белсенділер ұсталды. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен сайлауға түсіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең дауыс берді. 20 қараша 2022 жыл.