Бішкектің Ленин аудандық соты ішкі істер басқармасының өтінішін орындап, бұған дейін ұсталған Ана мен баланы қорғау орталығы мен қалалық балалар ауруханасының бес дәрігерін 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін қамау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.
Сот тағы бір дәрігерді үйқамақта ұстау туралы шешім шығарған.
Қалалық соттың дерегінше, ұсталған адамдар 146-бапта (–Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндетін дұрыс атқармауы") қарастырылған қылмысты жасаған болуы мүмкін деген күдікке ілінген.
Медицина қызметкерлері тәуелсіз кәсіподағының жетекшісі Бермет Барықтабасова Facebook-парағына дәрігерлер қарашада ауруханада шетінеген сәбидің өліміне байланысты ұсталды деп жазды. Ол –Қырғызстан тарихында мұндай жағдай бірінші рет болып отыр, өйткені шетінеген сәбидің туыстары – жоғары лауазымды адамдар" дейді.
–Дәрігерлерге –түрмеде шірисіңдер" және –дипломнан айрылдыңдар" деп бетіне айтқан. Шын мәнінде бұл, болған жайтты объективті түрде анықтау емес, қайғы жанына батқан адамның кек қайтаруы сияқты" деп жазады Барықтабасова.
Ол Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа медицина қызметкерлерін негізсіз қудалауға жол бермеуге шақырып үндеу жасаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Орталық Азияда ауаның ластануы қауіпті деңгейге жетті. Шенеуніктер мен сарапшылар не дейді?Қырғызстанда түнде екі рет жер сілкінді. Жер тербелісін Алматы тұрғындары да сезіндіБішкекте Ресей елшілігі маңында пикет өткізбек болған белсендіге айыппұл салындыБішкектегі советтік атауларды жойып, қырғызша жаңартуға Ресей депутаттары қарсы шықтыАрмения, Қырғызстан мен Өзбекстан мигранттары 2022 жылы Ресейден жаппай кете бастаған