Украина әуе күштері Киевке шабуыл жасаған 31 дронның 29-ын атып құлатқанын хабарлады

30 мамырға қараған түні Ресей Украинаға Иранның "Шахед" дрондарымен шабуыл жасады деп хабарлады Украина әуе күштерінің қолбасшылығы. Дронның басым бөлігі Киевке шабуыл жасаған.

Украина әуе қорғанысының мәліметінше, барлығы 31 камикадзе-дрон жіберілген. Оның 29-ы атып түсірілген.

Киев билігінің хабарына қарағанда, атып түсірілген дрон құлағанда қаланың оңтүстік-батысында бір адам өлген. Бір жеке үй мен қала орталығында бірнеше автокөлік өртенген.

Украина билігі мамыр басталғалы Киевке осымен 17-рет шабуыл жасалды деп есептеп отыр. Украина әуе күштері зымырандар мен дрондардың басым көпшілігін атып құлатқанын хабарлады. Бұл мәліметті соғыс жағдайында тәуелсіз көзден тексеру мүмкін емес: Киев атыс салдары туралы ақпаратқа әскери цензура қойған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Зеленский Иранға 50 жыл санкция салуды көздейтін қаулы жобасын ұсынды