Ресейде оппозиционер Навальныйға қолдау білдірген 100-ден астам адам қамалған

Ресейдің 23 қаласында оппозициядағы саясаткер Алексей Навальныйға қолдау білдірген акция өтіп, 100-ден астам адам қамауға алынған. Оның төрттен бірі – кәмелетке толмағандар. Бұл мәліметті "ОВД-Инфо" құқық қорғау ұйымы таратты.

Мәскеуде акцияға шыққандардан 60-тан астам, Санкт-Петербургте 10-нан астам адам, қалғаны өзге 21 қалада ұсталған.

Ресейдің Владимир қаласында қатаң режимдегі колонияда қамауда отырған оппозиционер Алексей Навальный 4 маусымда 47 жасқа толған. Акция Ресей билігімен келісілмеген, митинг түрінде өтпеген. Белсенділер жалғыз адамдық пикетке шыққан, үгіт қағаздарын жапсырып, таратқан, Навальныйды қолдайтынын түрлі жолдармен білдірген.

"Навальный командасының" мәліметіне қарағанда, мұндай акция әлемнің көп елінде өткен. Австралияның Сидней, Мельбурн, Брисбен қалаларында, Жапония астанасы Токиода, Оңтүстік Кореяда, Таиландта және Еуропаның ондаған қаласында болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ресейде түрме әкімшілігі Навальныйды қайтадан айып изоляторына жапты
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Навальный штабындағы белсенді ФСБ-ға жұмыс істегенін мойындады