Өзбекстанда әскери тікұшақ құлаған. Өлгендер бар

Өзбекстанда 17 қарашада кешкі сағат 20:15-те "Кәттақорған" полигонында жаттығуда жүрген Ми-8 әскери тікұшағы құлаған. Мұны Өзбекстан қорғаныс министрлігі хабарлаған.

Ведомство мәліметінше, тікұшақ экипажы өлген. Өлгендер саны нақты айтылмаған. Ми-8 тікұшағы экипажында, әдетте 3 ұшқыш болады.

Аранаулы комиссия құрылып, тексеріс басталған.

Самарқан облысында 2019 жылы құрылған Кәттақорған полигоны - Өзбекстандағы аса ірі әскери полигон саналады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Өзбекстанда 19 жастағы тұрғын "президентке тіл тигізгені үшін" 2,5 жылға сотталды