Армения Еревандағы Звартноц әуежайынан ресейлік шекарашыларды шығаратынын мәлімдеп, Ресейге ресми хат жолдады. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, мұны Армения ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян мәлімдеген.
Оның сөзінше, Армения Звартноц әуежайын енді өз бетінше бақылауда ұстай алады. Ереван бұл әуежайдағы толығымен Армения әскері қызмет көрсетуі керек деп санайды.
"Армения Ресейге ресми хат жолдап, нақты позициясын көрсетті" дейді Григорян.
Звартноц – Арменияның негізгі халықаралық әуежайы. 1992 жылы Мәскеу мен Ереван келісімге келіп, 30 жылдан аса уақыттан бері бұл әуежайды ресейлік шекарашылар бақылайды.
2024 жылы ақпанда ресми Ереван Армения Ұлттық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелікті тоқтата тұратынын мәлімдеген. Артынша Армения парламентінің спикері Ален Симонян Звартноц әуежайынан ресейлік шекарашыларды шығаруға шақырған. Ресей сыртқы істер министрлігі Симонянның сөзін "достыққа сай келмейтін қылық" деп атаған еді.
Армения "ҰҚШҰ Таулы Қарабақта Әзербайжанмен қақтығыста көмек көрсетпеді" дейді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатты