САМОДЕЛКИНАНЫҢ НӘТИЖЕСІ
София Самоделкина қысқа және еркін бағдарламасын қоса есептегенде 207,46 ұпай жинады. Бұл – оның карьерасындағы ең үздік ұпайы, яғни, жеке рекорды.
19 жастағы София еркін бағдарламасын аяқтаған соң қатты қуанды. Себебі ол жоспарлаған секіру элементтерінің бәрін мүлт кетпей сәтті орындады. Самоделкинаның алдында сырғанаған америкалық спортшы Амбер Гленн қазақстандық спортшыға құрмет танытып, бүкіл залды орнынан тұрып, қошемет көрсетуге шақырды.
– Мен дәл қазіргі бар мүмкіндігімді, бар дайындағанымды көрсеттім. Өте бақыттымын. Арманым орындалды деп айтсам болатын шығар. Барлық адамды армандауға, арманы орындалатынына сенуге шақырамын, – деді Самоделкина олимпиаданы қорытындылап.
София Самоделкина еркін бағдарламасын мүлтіксіз аяқтағанына қуанып отыр. Милан, 19 ақпан, 2026 жыл.
Милан олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында чемпион атанған қазақстандық Михаил Шайдоров Самоделкинаны құттықтады.
– Миша екеуіміз Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды алға жылжытып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл спорттың дамығанын қатты қалаймын. Миша да соны қалайды деп ойлаймын, – деді София.
Ресейде туып, 2023 жылы Қазақстан құрамасына ауысқан Самоделкина енді 23-29 наурызда Прагада (Чехия) болатын әлем чемпионатына қатысуды көздеп отыр. Ол олимпиадаға дайындық циклін алдымен Қазақстанда бастаған. Кейін АҚШ-қа барып, америкалық бапкер 2022 жылғы олимпиада чемпионы Натан Чэннің (АҚШ) бапкері болған. Қазір америкалық Илья Малининді де жаттықтыруға көмектеседі.қол астында жаттықты. Спортшы Америкадағы дайындықта үш айналым аксель және төрт айналым қиын элементтерді секіріп көргенін айтты.
– Жаттығуда үш айналым аксель, төрт айналым сальхов, төрт айналым ритбергер секіре алдым. Өкінішке қарай, жарақат алып қалдым, сол жарақат әлі де мазалайды. Бірақ менімен мамандар жұмыс істеді. Алда [қиын элементтерді] көрсетеміз. Жағдайыма, өзімді қалай сезінетініме қарап көрем. Бәлкім [биылғы] әлем чемпионатында бірдеңе жасармыз, – деді мәнерлеп сырғанаушы Азаттық тілшісіне.
Самоделкина Ресей атынан жасөспірімдер арасындағы жарыстарда үш айналым аксель және басқа да төрт айналым элементтер секіріп жүрген. Бірақ ересектер арасына өткен соң бойы, сүйегі, салмағы өсіп, әлгіндей машығынан жаңылып қалды. Дегенмен спортшы да, бапкері Арутюнян да қиын элементтерді орындауға қайтадан жаттығуға күш салатынын бұған дейін де айтқан.
МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАҒЫ ДРАМА
Милан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыста америкалық 20 жастағы 2025 жылғы әлем чемпионы атанған. Сол жарыста да жапониялық Каори Сакамотоны озған еді. чемпион атанды – 226,79 ұпай. Күміс жүлдені жапониялық 25 жастағы Каори Сакамото (224,90), ал қоланы тағы бір жапон спортшысы 17 жастағы Ами Накаи (219,16) иеленді.
Соңғы олимпиадасына қатысқан Сакамото алтынға қол жеткізе алмағанына өкініп жылады. Ол 2022 жылғы ойындарда қола және командалық жарыста олимпиадада екі рет күміс медаль иеленген еді. Үш дүркін 2022-2024 жылдары чемпион болған.болған. Жүлделерінің арасында тек олимпиада алтыны жоқ еді. Сондықтан Миланда алтын алуды мақсат еткен. Бірақ Сакамото негізгі бағдарламада үш айналым флип және үш айналым тулуп каскадын секіре алмады. Яғни, бір ғана үш айналым тулуп жасады.
"Мақсатым алтын медаль алу болған еді, алтын ала алмағаным қатты ауыр тиіп тұр" деді жапон спортшысы жарыстан соң.
Қола жүлдегер атанған Ами Накаи қысқа бағдарламадан кейін бірінші орында тұрған. Ал еркін бағдарламада тоғызыншы орын алды. Дегенмен қос бағдарламаның ұпайын қосқанда оған үшінші орын бұйырды. Спортшы еркін бағдарламасында ұпай тым төмен екенін көріп, басында үнсіз отырып қалды. Бірнеше секундтан соң қола алғанын түсініп, қуаныштан жылап жіберді.
Ами Накаи Олимпиаданың қола жүлдесін алғанын түсінген сәт. Милан, Италия, 19 ақпан, 2026 жыл.
"Шынымды айтсам, нешінші орын алатынымды білмедім. Қай орын болады екен деп ойланып отырып қалдым. Кейін есім-сойымның жанынан үш деген санды көріп, өз көзіме өзім сенбей қалдым" деді Ами Накаи журналистерге.
Қола медальға сәл жетпей төртінші орын алып қалған тағы бір жапон спортшысы Монэ Шиба мұз айдыннан жылап шығып кетті. Жапониялық үш мәнерлеп сырғанаушы да жарыстан соң жылады. Бірі қуаныштан жыласа, бірі өкініштен көз жасына ерік берді.
Жарысқа бейтарап атлет ретінде қатысқан ресейлік Аделия Петросян еркін бағдарламада төрт айналым тулуп секірмек болған сәтте құлап, қорытынды есепте 6-орын алды.
Олимпиада чемпионы америкалық Алиса Лю (ортада), күміс жүлдегер Каори Сакамото (сол жақта) және қола жүлдегер Ами Накаи (оң жақта) тұғырда тұр. Милан, Италия, 19 ақпан, 2026 жыл.
2014, 2018 және 2022 жылдардағы қысқы олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыста алтын мен күміс жүлдені Ресей спортшылары алған еді. Бірақ Мәскеудің Украинаға қарсы басқыншылық соғыс ашқанына байланысты Ресейдің мәнерлеп сырғанау құрамасы халықаралық жарыстардан шеттетілген.