Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесіп, Израильде жүрген қазақстандықтарды эвакуация жасауға көмек сұрады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Көшербаев Израиль сыртқы істер министрі Саармен сөйлескенде "азаматтардың эвакуациясы Қазақстан үшін өте маңызды" екенін айтқан. Ал Саар Израиль тарабы Қазақстан азаматтарының эвакуациясын ұйымдастыруға бар күштерін салатынын, бұл мәселені жеке бақылауына алғанын мәлімдеген.
28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылынан соң Таяу Шығыс елдерінде жүрген мыңдаған қазақстандық елге қайта алмай қалған. Қақтығыс басталғалы Қазақстан эвакуация ұйымдастырып, БАӘ, Катар, Оман, Сауд Арабиясында жүрген жеті мыңнан аса қазақстандықты елге әкелген. Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінде барлығы он мыңнан аса қазақстандық барын айтқан.
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылы 28 ақпанда басталды. Соққылар нәтижесінде жоғарғы көшбасшы аятолла Әли Хаменеи өлтіріліп, елдің әскери нысандары қиратылған.
- Иран қарымта қайтарып, Вашингтон одақтастарының инфрақұрылымы мен базаларына соққы жасап жатыр.