Meta корпорациясына қарасты Facebook және Instagram "үшінші тарап шағымына" сілтеп, Азаттық радиосы парақшаларындағы 16 контентті бұғаттады.
Бұғаттау туралы хабарламада "авторлық құқық" және "сауда белгісі" жайлы ереже бұзылғаны айтылған.
Instagram желісінде шағымды кім түсіргені көрсетілген. Олар "Giorgio Armani" никнеймі бар аккаунт, MarkScan Digital IP Private Limited және Aiplex Software Private Limited компаниялары. Factcheck.kz редакциясы кейінгі екеуінің Үндістанда тіркелген компания екенін анықтаған.
Аталған үш шағымданушы бұған дейін де қазақстандық баспасөз құралдары мен журналистердің парақшаларына арыз түсірген.
Азаттық әлеуметтік желі платформаларының шешіміне шағым түсірді.