Тоқаев Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі жайлы конституциялық заңға қол қойды

Алатау қаласындағы орталық көше. Алматы облысы, 12 қаңтар 2024 жыл.

8 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы конституциялық заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламаға қарағанда, "қаланың инвестициялық климаты мен инвесторларға берілетін кепілдіктері, салық-бюджет саясаты, дизайны мен жер қатынастары аталған конституциялық заң аясында реттеледі".

Алатау 2024 жылы қаңтарда Алматы облысындағы Жетіген ауылына көрші елдімекендерді қосу арқылы құрылған. Былтыр қыркүйекте Тоқаев қалаға арнайы мәртебе беру туралы заңға қол қойған.

Биыл наурыздағы референдум кезінде қабылданған, шілдеде күшіне енетін жаңа конституцияның жобасында "жекелеген өңірлердің экономикасын қарқынды дамыту мақсатында арнаулы құқықтық режим немесе "қарқынды дамитын қала" арнаулы құқықтық режимі белгіленуі мүмкін" деп жазылған.

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанға +1 қала. Алатаулықтардың жаңа статустан күтері көп

Сыншылар мұндай режим экономикалық экспансияға жол ашуы мүмкін деп алаң білдірген. Билік өкілдері мұны жоққа шығарып, арнайы режим Алатау мен Астана қалаларында ғана қолданатынын айтты.

Қаладағы қоғамдық қатынас, кәсіп жүргізу – барлығы да осы конституциялық заң арқылы реттеледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Жетіген емес, Дубай сияқты". Бас жоспардағы Алатау қаласы мен шынайы жағдайы