Армения Еуропа одағына кіру процесін жалғастырса Ресей мұнай-газ және алмаз жеткізуді тоқтатады я баж салығынсыз сату бойынша келісімді үзеді. Бұл туралы Ресей энергетика министрі Сергей Цивилевтің Армения үкіметіне жазған хатына сілтеп, Коммерсант басылымы жазды.
Мәскеу бұл келісім тоқтаса, Армения Ресейге өтемақы төлеуі тиіс немесе мемлекеттік қарызы ретінде өтеуі керек деп санайды.
Армения билігі Еуропа одағымен саммит өткізген тұста және ел 7 маусымдағы парламент сайлауына дайындалып жатқан кезде Ресей бірнеше шектеу енгізген. Яғни, Ресейге Армениядан гүл, "Жермук" суын, "Веди-Алко", "Абовян коньяк зауыты" және "Шахназарян" зауытының алкоголь өнімдерін кіргізуге тыйым салды.
Мамырдың басында Арменияда Еуропа елдерінің басшылары қатысқаан ірі саммит өтіп, ЕО лидерлері Арменияға қолдау білдірген. Осыдан соң Ресей президенті Владимир Путин Ереванды "жағдайды ушықтырмауға шақырып, Арменияның Еуропа одағына кіруі, Еуразия экономика одағынан шығуы референдумда шешілуі тиіс деген еді. Ал Пашинян референдум "шынымен қажет болса ғана өтетінін", Ресей мен Арменияның қарым-қатынасын "некелесумен" шатастырмау керегін айтқан.