Электронды үкімет (Egov.kz) платформасында жаңадан құрылған "Әділет" партиясына тіркелуге өтініш қабылдау функциясы пайда болды. Бұрын Egov платформасында қандай да бір партияға тіркелуге өтініш қабылдау мүмкіндігі болмаған еді.
Әдетте халық бұл платформа арқылы халық денсаулық, салық, тұрғын үйге қатысты құжаттарды, жеке бас құжаттарын және анықтамалар алатын.
"Әділеттің" баспасөз қызметі Egov-та бұл функцияның пайда болуына байланысты "азаматтардың партия жұмысына қатысу бойынша конституциялық құқығына сүйендік. Біз бұл құқықты қамтамасыз ету үшін әрі азаматтармен байланысудың тиімді каналдарын жасау үшін прогрессивті технологиялық шешімдерді қолдануға тырысамыз. Біз Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамына (Egov порталына жауапты мекеме – Ред.) өтініш жібердік" деп мәлімдеді.
"Әділет" Egov арқылы партияға мүше болу үшін өтініш қана қабылданатынын, өтініш кейін қарастырылатынын айтады.
Қазір порталда басқа партиялар мұндай мүмкіндік жоқ. Елде "Әділеттен" бөлек "Аманат", "Ақжол", ЖСДП, "Республика", Қазақстан халқы партиясы (коммунистер), "Ауыл" және "Байтақ" партиясы бар.
"Әділет" партиясы 2 маусымда ресми тіркелген. Партияны президент әкімшілігінің төрағасы болған Айбек Дәдебай басқарады. Саяси ұйым Ақорда саясатына ашық қолдау білдірген. Саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева "Әділет" экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан қалған "Аманат" партиясын ығыстыру үшін құрылуы мүмкін" деп санайды.