Украинаның дрон шабуылы күшейді, Ресей Еуропаға сенбейді | Cоғыс жаңалықтары
Your browser doesn’t support HTML5
Украинаның Запорожье және Харьков облыстарына Ресей жасаған дрон, зымыран шабуылдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, ондаған адам жараланды. Ал Украина қарулы күштерінің Ресейге соққыны үдетуінен кейін аннексияланған Қырым түбегінде жанармай мен азық-түлік тапшылығы туындады. НАТО күштері Ресейден ұшып келген дронды атып түсірді. Осы тұста Мәскеу соты Украинаның дрон күштерінің қолбасшысы Роберт Бровдиді терроризм айыбымен сырттай соттады.