Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы орынбасары Қамшыбек Ташиев 2027 жылғы президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді. Ол қазіргі президент Садыр Жапаровты қолдаймын дейді.
Ташиевтің мәлімдемесін "Регион" телеарнасының бұрынғы бас директоры Откурбек Рахманов жариялады.
Ташиев кейінгі кезде "президенттік науқан жайлы жалған ақпарат тарап жатқанын" айтып, "президенттікке түспеймін деген ұстанымы күшінде екенін" мәлімдеді.
2 шілдеде Ташиев "билікті күшпен басып алуға дайындалды, билігін асыра пайдаланды" деп сотталған. Сот оның мүлкін тәркілеп, төрт жылға пробациялық бақылау орнатқан. Бұл қылмыстық іске "75 ақсақалдың хаты" себеп болған. Ақпанның басында саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, барлығы 75 адам Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен сол кездегі парламент спикері Нұрланбек Тұргынбекұлына қайырылып, кезектен тыс президент сайлауын өткізуді сұраған. Хаттан кейін ертеңінде Ташиев қызметтен алынған. Сол кезде Ташиев Германияда емделіп жатқан еді.
Қырғызстанның қазіргі Конституциясына сай, сотталған адамдар президенттікке кандидат бола алмайды.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жақын серігі әрі досы болған Ташиев бес жыл бойы елдегі екінші ықпалды адам саналған. Ол ҰҚМК төрағасынан бөлек, министрлер кабинеті төрағасының орынбасары болған.