Украинада көкөніс сатушыға дрон шүйлікті

Your browser doesn’t support HTML5

Украина ұлттық полициясы Херсон қаласындағы көкөніс сатып тұрған ер адамға ресейлік дронның шабуыл жасағанын көрсететін видеоны жариялады. Биліктің мәліметінше, 52 жастағы тұрғын аман қалғанымен, жарылыстан жарақат алып, миы шайқалған және денесіне жарықшақтар тиген. Бейбіт тұрғындарды дронмен аңдып, үстіне жарылғыш зат тастау тәсілі «адам аулау» (human safari) деп аталып кеткен. Украинаның құқық қорғау органдары бұл оқиғаны Ресей жасаған кезекті әскери қылмыстардың бірі ретінде тіркеп жатыр.