Зымыран сұраған Зеленский, сес көрсеткен Путин. Украина Башқұртстандағы қойманы атқылады
Your browser doesn’t support HTML5
Ресей мен Украина өткен түнде бір-біріне жүздеген дронмен шабуыл жасады. Екі елде де адам шығыны бар: Ресейдің Краснодар өлкесінде үш адам, ал Украинаның Одесса облысында жолаушылар пойызының екі қызметкері қаза тапты. Осы тұста Владимир Зеленский Украинаға Patriot зымырандары жетіспей жатқанын айтса, АҚШ-та екі сенатор Трамп әкімшілігінен Ресейге қарсы санкцияларды неге сирек енгізіп жатқанын түсіндіруді сұрады. Ал Владимир Путин Еуропа елдері Ресеймен байланысты кемелерді тәркілей бастаса, Мәскеу де қарымта шаралар қабылдаймыз деп ескертті.