Ықпалды украин саясаткері елде сайлау өткізуге үндеді. Зеленский әзірше үнсіз

Your browser doesn’t support HTML5

Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі Михаил Федоров елде соғыс жүріп жатса да, сайлау өткізудің жолын табу керек деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Украина халқы билікті қашан қайта сайлайтынын Ресейдің әрекетіне қарап шешпеуі керек. Федоров бұл үндеуін президент Владимир Зеленский оны қорғаныс министрі қызметіне қайта ұсынбағаннан кейін жариялады. Ал Ресейде халық банктердегі ақшасын жаппай шешіп жатыр. Биыл шешілген қаражат көлемі 15 миллиард долларға жуықтап, рекордтық деңгейге жеткен. Washington Post мұны кей ресейліктердің мемлекет халықтың жинағын соғысқа жұмсауы мүмкін деп қауіптенуімен байланыстырады.