Елена Рыбакина US Open жарысының жеңімпазы атанды. Ол үшінші рет Grand Slam титулын жеңді

Елена Рыбакина US Open кубогын алған сәт. Нью-Йорк. 12 қыркүйек 2026 жыл.

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина US Open жарысының жеңімпазы атанды. Ол финалда басты қарсыласы Арина Соболенконы (Беларусь) үш сетте жеңді – 6:4, 5:7, 6:2.

Рыбакина келесі аптадан бастап әлемнің бірінші ракеткасы болады. Ал 99 апта әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған Соболенко екінші орынға түседі.

Қазақстан теннисшісі US Open жарысындағы жеңісі үшін 5,5 млн доллар ұтып алды. Бұл - теннис тарихындағы ең көп ақшалай сыйлық.

Елена Рыбакина US Open жарысын жеңген сәт. Нью-Йорк. 12 қыркүйек 2026 жыл.



Осылайша Рыбакина биыл екінші рет Grand Slam жарысын ұтты. Қаңтарда ол Australian Open жарысында жеңімпаз атанған. Австралиядағы турнирдің финалында да Рыбакина Соболенкодан үш сетте басым түскен.

Рыбакина 2022 жылы Британияда өтетін Wimbledon жарысында жеңіске жеткен еді. Енді Қазақстан теннисшісіне "карьералық Slam" жеңу үшін Парижде болатын Roland Garros жарысын ұту керек.

Бұған қоса, қазақстандық теннисші былтыр Жылдың қорытынды турнирінде де жеңімпаз атанған. Жылдың үздік сегіз теннисшісі қатысатын турнирдің финалында Рыбакина Соболенконы жеңген еді.

Мәскеуде туған теннисші 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы. Қазақстандық теннисші бұл жетістікке қалай жетті?