«НАТО-ның есігін қаққан» Путин, Ресейдегі жанармай тапшылығы – Соғыс жаңалықтары
Your browser doesn’t support HTML5
Ресей Украина мен Польша шекарасындағы халықаралық өткізу бекетіне соққы жасады. Шабуыл кезінде пойыздардың бірінде АҚШ Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры болғаны хабарланды. Еуропалық саясаткерлер мен дипломаттар отырған басқа пойыз вокзалдан сәл бұрын жөнеліп кеткен. Варшава Ресейдің Польша аумағына шабуыл жасау қаупін жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Владимир Путин ЕО елдері Украинаға бітімгерлік күштерін жіберсе, Ресей мен Еуропа арасында қақтығыс қаупі туындайтынын айтты. Александр Лукашенко Беларусь армиясына соғысқа дайындықты күшейтуді тапсырды.