Трамп бітім туралы айтқанымен, атыс басылған жоқ. Бітім болды ма өзі?
Your browser doesn’t support HTML5
13 қазанға қараған түні Ресей Украина қалаларына тағы жаппай шабуыл жасады. Харьковта көпқабатты үйдің бір бөлігі қирап, кемінде үш адам қаза тапты. Киевте 25 қабатты үйге соққы тиіп, екі адам мерт болды. Дрондар Львов облысына да жетті. Украина осы уақытта Ресей аумағына дрон шабуылдарын жалғастырып отыр. Мұның бәрі АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина «энергетикалық бітімге келді» деп жариялаған тұста болып отыр.